Шетелден 496 адам ПТР анықтамасыз келді

Жарияланды 26 Ақпан 2021 07:45

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

2021 жылғы 25 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

2 178 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 682 адам, анықтамасыз 496 ҚР азаматтары келді. 
 
Оның ішінде:
 
Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен – 877, анықтамасыз – 292; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 1 009 жолаушы, анықтамамен – 805; анықтамасыз – 204.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ оқыңыз