Дамушы нарық валюталары апта ішінде қалай өзгерді

Жарияланды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша динамика көп бағытты болды

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 26 наурызда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,3%-ға (418,64-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 424,28 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 12-26 наурыз аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. АҚШ ФРЖ АҚШ МБҚ кірістілігінің өсуі реттеушінің алаңдаушылығын туғызбайтынын білдіре отырып, негізгі мөлшерлемені 0–0,25% диапазонында сақтау туралы шешім қабылдады. ФРЖ мүшелері мөлшерлеменің 2023 жылдың соңына дейін нөлге жақын болатынын болжауда.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

Мексика песосы инфляцияның күрт жеделдеуіне байланысты негізгі мөлшерлеменің төмендеу сериясын тоқтата тұру аясында 0,5%-ға (20,69-дан 20,58-ге дейін) нығайды;

үнді рупиясы мұнай бағасының төмендеуі және қор нарығына капиталдың әкелінуі аясында 0,4%-ға (72,79-дан 72,52-ге дейін) нығайды;

Индонезия рупиясы 0,2%-ға (14 385-тен 14 418-ге дейін) әлсіреді. ОБ АҚШ МБҚ кірістілігінің өсуі жағдайында айырбастау бағамын қолдауға дайын екендігін білдіре отырып, пайыздық мөлшерлеме деңгейін өзгеріссіз (3,5%) қалдырды;
Оңтүстік Африка ранды 0,2%-ға (14,95-тен 14,98-ге дейін) әлсіреді. ОБ негізгі мөлшерлемені қатарынан төртінші рет 3,5% деңгейінде сақтап қалды;

Ресей рублі мұнай бағасының төмендеуі, геосаяси тәуекелдердің өсуі және инвесторлардың тәуекел дәрежесінің нашарлауы аясында 3,2%-ға (73,27-ден 75,65-ке дейін) әлсіреді. ОБ негізші мөлшерлемені 4,5%-ға дейін (+0,25 п.т.) көтерді;

Бразилия реалы инвесторлардың тәуекел сентиментінің нашарлауы аясында және мөлшерлеменің күтілгеннен 2,75%-ға (+0,75 п. т.) дейін артуына қарамастан 3,6%-ға (5,56-дан 5,76-ға дейін) әлсіреді;
түрік лирасы ел Президентінің ОБ басшысын реттеуші мөлшерлемені көтергеннен кейін екі күн өткен соң жұмыстан босату туралы шешімі аясында 7,3%-ға (7,56-дан 8,11-ге дейін) әлсіреді.

 

Сондай-ақ оқыңыз