Көлік саласына жаңа талаптар енгізілмек
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеп, Үкіметтің қарауына енгізді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңнамаға енгізілген өзгерістер келесі міндеттерді шешеді:
– көліктік бақылау жүйесінде адам факторы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою;
– автожолдардың сақталуын арттыру, әкімшілік кедергілерді азайту;
– Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін жиналатын алымдар есебінен республикалық бюджет кірісін ұлғайту;
– Каспий теңізінің қазақстандық секторында суға батқан шетелдік кемелерді көтерудің құқықтық тетіктерін белгілеу;
– теміржол көлігіндегі апаттарды, сондай-ақ кемелерде болатын апаттық жағдайларды тергеудің қолданыстағы тетіктерін жетілдіру;
– ұшу қауіпсіздігі мен әуедегі қауіпсіздікті арттыру;
– азаматтық авиацияның транзиттік әлеуетін нығайту және Қазақстанның авиациялық билік орындарының өкілеттіктерін күшейту және беделін арттыру;
– жалпы көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру.
Заң жобасында:
– көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеудің автоматтандырылған станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құқықтық тетіктер құру;
– азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды институционалдық дамыту арқылы азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру;
– азаматтық авиация қызметін, әуе кемелерінің халықаралық ұшуларын, ішкі әуе бағыттарен ұшуды, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды және жалпы мақсаттағы авиацияның ұшуларын орындау үшін ұшуларды ұйымдастыру тетігін жетілдіру;