ҚазҰУ ғалымдары 400-ден аса патент пен авторлық куәлік иеленген

Жарияланды
500-дей ғылыми жоба жүзеге асырылған

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  ғалымдары  500-дей  ғылыми жоба орындап, 400-ден аса патент пен авторлық куәлік иеленген. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар  қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте университет ректоры Жансейіт Түймебаев мәлімдеді. 

Білім, ғылым және инновацияны үйлестіретін классикалық көп салалы университет ғалымдары тек қазақстандық емес, ірі халықаралық жобаларға да белсенді қатысып келеді.

Жүзеге  асырылып жатқан жобалардың жалпы бюджеті 7,7 млрд теңгеден асады.

Оқу ордасы ғылыми мақалалар бойынша да көш бастап, рейтингтік басылымдардағы әрбір бесінші қазақстандық жарияланым ҚазҰУ ғалымдарына тиесілі екен. Ал университеттің 5 ғылыми журналы халықаралық деректер қорына енгізілген. 

2020 жылы оқу орны беделді «Вэб оф Сайнс» деректер қорының «Ғылым көшбасшысы» сыйлығының үш номинациясына ие болған. Британдық «AVEVA Group plc» компаниясымен бірлесе отырып, Инженерлік жобалау орталығы құрылған. Бұл орталық  – компанияның Орталық Азия өңіріндегі алғашқы өкілдігі. 

«Университет жаһандық трендтерді ескере отырып, жаңа бағдарламаларды енгізуде. Атап айтқанда: Нейроғылым, Креативті индустрия, Цифрлық экономика, Экологиялық инжиниринг, Медиакоммуникациялар, Деректер туралы ғылым, Цифрлық мұрағаттану және құжаттану, Басқарудың интеллектуалды жүйелері, Наноматериалдар және нанохимия» деп атап өтті ректор. 
 

Сондай-ақ оқыңыз