Өзін-өзі оқшаулау режимін қасақана бұзғандар жауапкершілікке тартылады
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің КВИ-ға шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекіткендігін хабарлайды. Осы талаптарды орындамағаны үшін азаматтарға әкімшілік жаза қолданылатын болады. Ережелер 2021 жылғы 10 маусымда күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар «Ashyq» ақпараттық платформасы арқылы анықталмақ.
Осылайша, жүйе мәліметтері «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық нысандарға кіру кезінде анықталған «қызыл» мәртебесі бар адамдарды тіркеу фактісін растау болып саналады. Дәлірек айтқанда, карантиндегі науқас адамның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы ӘҚБтК-нің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазаны қолдануға себеп болады.
Егер азамат өзінің КВИ-ға шалдыққанын біле тұра, оқшаулану режимін бұзып, айналасындағы адамдарға қасақана қауіп төндірсе, оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.
«Ashyq» платформасының жүктемелеріндегі мәліметтер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркелетіндігін атап өткен жөн.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті барлық қазақстандықтарды карантиндік талаптарды сақтауға шақырып, әкімшілік айыппұлдар КВИ сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын бақылауға алуға мүмкіндік береді деп үміттенеді.