Экс-министр Елжан Біртанов пен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Жарияланды
Қазір қылмыстық іс материалдарымен танысу басталған

Қаржылық мониторинг агенттігі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды агенттік баспасөз қызметі. 

Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жарамсыз ақпараттандыру Платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Платформа денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды жедел шешу үшін пациент, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек еді.
Қазіргі кезде платформа жұмыс істемейтіні және медицина мекемелерінің оны пайдаланбайтыны жиналған дәлелдермен расталған.

Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 млн. АҚШ долларын немесе 1,5 млрд. теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов санитариялық авиацияның әуе кемесін 2020 жылғы маусымда жеке мақсаттары үшін пайдалану кезінде өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

7 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталып, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталған. 

Сондай-ақ оқыңыз