Елордада қыркүйек айында екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады

Жарияланды
Пәтердің ұтыс ойыны тікелей эфирде өтеді

Биыл қыркүйек айында Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады! Елордада жылжымайтын мүлікті осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары ұтып ала алады. Бұл туралы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пунктінде екпе алғандар қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі. Арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны тікелей эфирде өтеді.

Бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары қала тұрғындарын вакцинациялауға ынталандыру үшін өткізіледі. Вакцинация ғана өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жандардың денсаулығын да қорғауға мүмкіндік береді.

Өйткені, басты мақсат – ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу.
 

Сондай-ақ оқыңыз