2021 жылы ең бай отбасы Walmart желісінің иелері болды

Жарияланды
Әлемдегі ең ірі желі иелерінің байлығы 238,2 миллиард долларға бағаланып отыр

Уолтон отбасы 2021 жылы Bloomberg агенттігінің мәліметі бойынша әлемдегі ең бай отбасылардың тізімін бастады. Әлемдегі Walmart көтерме және бөлшек сауда желісінің иелерінің байлығы 238,2 миллиард долларға бағаланды, – деп хабарлайды Lenta.ru.

Отбасы бүкіл әлем бойынша 10 мыңнан астам дүкенге ие. Оның компаниясының табысы 559 миллиард доллар.
Сонымен қатар алғашқы үштікте Mars  кондитерлік компаниясына тиесілі Марс отбасы мен Koch Industrues американдық мұнай -химия корпорациясының иелері Кох отбасы болды.

Рейтингке тек 25 отбасы кірді. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, олардың жалпы байлығы 1,7 триллион долларға бағаланған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 22 пайызға көп.
 

Сондай-ақ оқыңыз