Лайықты зейнетақыны қалай жоспарлауға болады?

Жарияланды
Зейнетақы жарналарының жүйелілігі – заманауи әлемдік тренд

Болашақта лайықты зейнетақыны қалай алуға болады? Зейнетақы жарналарының жүйелілігі – заманауи әлемдік тренд. Неліктен? Өзіңізді қорғауға және барлық шегерімдері жасалатын «адал жалақыны» қалай алуға болады? Бұл сұрақтарға «БЗЖҚ» АҚ-ның сайты жауап берді.

Бәрімізге белгілі, қазақстандықтардың дәл осы жаңа буыны зейнет жасына жеткенде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарына арқа сүйейтін болады. Осыған байланысты жастар өз болашағы үшін бүгіннен бастап қамдана бастаулары қажет.

Қазақ елі жинақтаушы зейнетақы жүйесі жолының нақ ортасында тұр, қазіргі уақытта жүйеде қаражатты тек 23 жыл ғана жинақтаған салымшылар болуы мүмкін. Осы ретте толық цикл кемінде 40 жыл болуы тиіс. Алайда тарихи және экономикалық факторларға байланысты бұл физикалық тұрғыдан бұған дейін мүмкін болмады. Сондықтан дәл осы жаңа ұрпақтың толық циклден өтіп, 40 жылдан кейін лайықты зейнетақы алуларына мүмкіндіктері бар.
 

Сондай-ақ оқыңыз