Альфа-Банктің атауы өзгереді

Жарияланды
ЦКБ Альфа-Банкті сатып алды

ЦентрКредит Банкі Альфа-Банк Қазақстанның 100% жай акцияларын сатып алу мәмілесін жапты. Қайта тіркеуден кейін қаржы институты ECO BANK  деген жаңа атаумен  жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ЦКБ баспасөз қызметі таратқан хабарламада жазылған.

Сондай-ақ, банк өнімдеріне қатысты барлық шарт банк клиенттері үшін өзгеріссіз қалады және SDN тізімінен шығару рәсімі аяқталғаннан кейін, клиенттерге банктік қызметтердің барлық тізбесі ұсынылмақ.

«Альфа-Банкті сатып алу мәмілесі ЦентрКредит Банкінің меншікті қаражатынан қаржыландырылды. Банк ребрендингі бойынша жұмыс басталды» делінген хабарламада.

3 мамыр күні Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамына «Альфа-Банк» Еншілес Банкі» акционерлік қоғамын сатып алуға рұқсат берді.

«Қазіргі уақытта «БЦК» АҚ 147 млрд теңге мөлшерінде меншікті капитал мен 674 млрд теңге  мөлшерінде өтімділігі жоғары активтерге ие. «БЦК» АҚ Альфа-Банктің қосылуын ескере отырып,  5 жылдық бизнес-жоспар ұсынған» делінген агенттік таратқан хабарламада.

4 мамыр күні Альфа-Банк несие портфелін ЦентрКредит Банкін 220 млрд теңгеге сатқаны белгілі болды. Бұл сома жалпы банк активтері құнының жартысынан астамын құрайды.

20 сәуірде Альфа-Банк пен ЦКБ арасындағы мәміленің егжей-тегжейі белгілі болған еді Содан кейін еншілес банкті сату туралы түбегейлі келісімге қол жеткізілді. ЦКБ мәміледен кейін Альфа-Банкте ребрендинг жүргізуге ниетті екені хабарланған болатын. Қабылданған шаралар Банктің АҚШ-тың санкциялар тізімінен шығуына ықпал етеді. Сондай-ақ ЦКБ хабарламасында банк депозиторлар алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін өз қаражаты есебінен қосымша өтімділікпен қолдауға, сол арқылы қазіргі клиенттер үшін қалыптасқан жағдайды жедел шешуге дайын екені айтылған.

Сондай-ақ оқыңыз