Қазақстандық үш банктің шетелдік банктердегі  9,2 млрд теңгесі бұғаттаулы жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
Бұл санкция талаптарымен байланысты

«Сбербанк» АҚ ЕБ, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ мен «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ-ның шетелдік банктердегі корреспонденттік шоттарында 9,2 млрд теңгесі бұғаттаулы жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымованың «Қазақстанның халық партиясы» фракциясы депутаттары сауалына берген жауабында жазылған.

Агенттік басшысының айтуынша, санкциялық талаптар аясында жекелеген шетелдік банктер «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ және «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ-ның шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарын бұғаттаған. Нәтижесінде осы банктердің шоттарындағы жалпы сомасы шамамен 9,2 млрд теңге («Сбербанк» АҚ ЕБ бойынша – 2,7 млрд теңге, «Альфа-Банк» АҚ ,ЕБ бойынша – 6,2 млрд теңге, «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ бойынша – 0,3 млрд теңге) болатын қалдық бұғатталған.

«Бұдан басқа, шетелдік банктер «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің жекелеген клиенттері бойынша 2,9 млрд теңге сомадағы шетел валютасындағы төлемдерді бұғаттаған. «Альфа-Банк» АҚ ЕБ клиенттері бойынша жекелеген клиенттер бойынша 3,9 млрд теңге сомасындағы шетел валютасындағы төлемдер мен аударымдар бұғатталды» делінген жауапта.

Қазіргі уақытта банктің жаңа акционері «Банк ЦентрКредит» АҚ банкті АҚШ пен бірқатар басқа елдердің санкциялық тізімінен шығару жұмысын жүргізіп жатыр. «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ-ның клиенттері бойынша олардың төлем және аударым операциялары шеңберінде қаражаттарды оқшаулау немесе бұғаттау фактілері жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз