Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт бөлу үшін 4 млн доллар сатылған

Жарияланды (жаңартылды )
Теңге бір айда 6,8 пайызға нығайды

Мамыр айында теңге әлемдік қаржы нарықтарындағы белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан, 1 доллар үшін 415,16 теңгеге дейін немесе 6,8%-ға нығайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,2 млрд АҚШ доллары болған кезде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 115 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлады Үлттық банк.

Ұлттық валютаның нығаюына бірқатар фактор әсер еткен: мұнай бағасы мен экспорттаушылардың салықтық төлемдер кезеңі, жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына сұраныстың төмендеуіне байланысты нарыққа қатысушылардың сентиментінің өзгеруі.

Сонымен қатар валюта нарығындағы ұсыныс көлемі мамырда 598 млн АҚШ долларын құраған.

«Бюджетке төленетін ірі салық төлемдерінің кезеңі және валютаны сатудың тиісті қажеттілігі аясында шетел валютасының ұсынысы сұраныстан едәуір асып түсті. Өтімділікті қолдау және салық аптасы кезеңінде шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы арасындағы қалыптасқан теңгерімсіздікті теңестіру мақсатында Ұлттық Банк 110,5 млн АҚШ долларына шетел валютасының артық ұсынысын сатып алды» делінген хабарламада.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт бөлу үшін айдың басында 4 млн АҚШ доллары сатылды. Бұдан әрі трансферттер Ұлттық қорға түсетін түсімдер есебінен қамтамасыз етілуіне байланысты Ұлттық қордың валюталық қаражатын конвертациялау талап етілмеді. 

Инвестициялық портфельді әртараптандыру үшін зейнетақы активтерінің валюталық үлесін кемінде 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында мамырда БЖЗҚ зейнетақы активтері үшін валюта нарығында 74,5 млн АҚШ доллары сатып алынды.

Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады.

Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыз