Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14 пайыз деңгейінде қалдырды

Жарияланды
Бұл шешімге айлық инфляция қарқынының бәсеңдеуі әсер еткен

Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 14,00% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Шешім қысқа және орта мерзімді кезеңдегі инфляция тәуекелдері мен Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдарын ескере отырып қабылданған.

«Базалық мөлшерлеменің осы деңгейі жаңа күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда 2024 жылға қарай инфляцияның бірқалыпты төмендеуін қамтамасыз етеді. Ақша-кредит талаптары 2023 жылы инфляциялық процестердің баяулауына қарай қалпына келеді» делінген хабарламада.

Мамырда жылдық инфляция 14%-ды құрап, жеделдеуін жалғастырған.

Айлық инфляция мамырда 1,4%-ға дейін (сәуірде – 2%) баяулауын жалғастырса да, орташа тарихи нормадан асып, жоғары болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз