Сбербанкті «Бәйтерек» холдингі сатып алады

Жарияланды (жаңартылды )
 Келісім 10 шілдеге дейін жасалмақ

РФ Сбербанкі Қазақстандағы еншілес компаниясын «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингіне сатып, келісім 10 шілдеге дейін жасалмақ. Бұл туралы Сбербанк төрағасының орынбасары Александр Ведяхин мәлімдеді, деп жазады interfax.kz.

Оның айтуынша, ұлттық холдинг – банкті сатып алуға ең басты және негізгі үміткер. Келісссөз жақсы жүріп жатқанға ұқсайды. Банк өкілі келісім 5-10 шіде аралығында жасалатынын айтады.

Бұған дейін қазақстандық Сбербанк пен ВТБ-ны сатып алатын үміткер іздестіріліп жатқаны хабарланған еді. ҚНРДА төрағасы Мәдина Әбілқасымова  еншілес компанияларды сатып алатын инвестор табылған соң оларды АҚШ санкциялары тізімінен шығарып алуға қолдау көрсетілетінін мәлімдеген еді.

«Бұл қайталама санкциялардың кесірі қазақстандық банктерге тимеуі үшін қажет» деген еді агенттік басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз