KEGOC IPO-ға шыққалы бері акционерлеріне 188 млрд теңге дивиденд төлеген

Жарияланды (жаңартылды )
2021 жылы төленген дивиденд көлемі – 35,2 млрд теңге

2014 жылы IPO-ға шыққалы бері KEGOC компаниясы акционерлеріне 188 млрд теңге дивиденд төлеген. Соның ішінде 2021 жылы төленген дивиденд көлемі 35,2 млрд теңге. Жалпы төленген дивидент көлемі 2014 жылғы 8,6 млрд теңгеден 2020 жылы 39,5 млрд теңгеге дейін 4,6 есе көбейген. Бұл туралы  «KEGOC»  АҚ өткізген эмитент күнінде айтылды.

«KEGOC акциялары жоғары өтімділік үрдісін және өсу тұрақтылығын көрсетті. Халықтық IPO іске қосылған сәттен бастап компания акцияларының жиынтық нарықтық құны 370% – ға немесе 131 млрд. теңгеден 486 млрд. теңгеге дейін өсті, осылайша акционерлердің табыстылығы артты»  дейді Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор Айгүл Әкімбаева.

KEGOC акционерлерге жылына 2 рет дивиденд төлейді. Бұл ретте эмитенттің қолданыстағы заңнамасы, жарғысы және дивидендтік саясаты дивидендтерді төлеуге есептік кезеңдегі таза кірістің 100%-на дейін жіберуге мүмкіндік береді.

Соңғы үш жылда  компанияның өндірістік те, қаржылық та көрсеткіштері өскен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын жеткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі 54,65 млрд.кВтс құраған, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 18,4%ға артық. 2021 жылдың қорытындысы бойынша таза кіріс 52,6 млрд.теңгені құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша таза кіріс 52,6 млрд. теңгені құраған.

Сондай-ақ оқыңыз