Жеңілдетілген автонесие беруге кезекті 17,5 млрд теңге бөлінді

Жарияланды (жаңартылды )
Оны Еуразиялық банк пен Халық банк алды

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Еуразиялық банк» АҚ мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ банктеріне жеңілдетілген автонесиені қаржыландыру бағдарламасы аясында кезекті транш бөлінгенін хабарлады.

 Бөлінген лимит мөлшері:

  • «Еуразиялық банк» АҚ – 10 млрд теңге;
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – 7,5 млрд.

Осылайша, бағдарлама аясында қатысушы банктерге 90 млрд теңге аударылды, оның ішінде:

  • «Еуразиялық банк» АҚ – 25 млрд теңге;
  • «Банк Центр Кредит» АҚ – 27,5 млрд теңге;
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – 22,5 млрд теңге;
  • «Forte Bank» АҚ – 15 млрд.

Бөлінген транш игерілгеннен кейін 10 млрд теңге көлеміндегі қалған лимит «Еуразиялық банк» АҚ-на бөлінеді.

Қазіргі кезде қатысушы банктер жалпы сомасы 82 млрд теңгеге 10 888 өтінім мақұлдап, 4 847 автокөлікті шығарған.

Айта кетерлігі, жалпы 90 млрд теңгенің бөлінбеген лимиті 8 млрд теңгені құрайды.  Бұл сома шегінде автонесие алуға өтініштерді тек «Еуразиялық банк» АҚ мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қабылдайды. Бағдарламаға қатысушы қалған банктер бөлінген лимиттерді толығымен игерді.

Жаңа автонесиелерді одан әрі беруді қатысушы банктер бастапқы қарыз алушылардың өтелген кредиттік төлемдері есебінен револьверлік несиелеу механизмі шеңберінде жүзеге асыратын болады.

Сондай-ақ оқыңыз