ҚДБ қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсетеді

Жарияланды (жаңартылды )
Банк жылдық сыйақысы 12 пайызбен қарыз беруге дайын

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ  өз өнімін шетелдік нарықтарға экспорттайтын немесе экспортты бастауды жоспарлап отырған қазақстандық кәсіпорындарды қаржыландыруға өтінім беруге шақырады. Бұл хабарлама банк сайтында жарияланған.

2022 жылдың соңына дейін Банк экспорттық операцияларды қаржыландыруға жылдық 12%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен 68 млрд теңге жұмсауға дайын.

Қазірдің өзінде 33 млрд теңге шамасындағы жобалар қаралуда. Қалған қаражат қазақстандық бизнестің экспорттық операцияларын қаржыландыру үшін қолжетімді.

Экспорттық (экспорт алдындағы) операцияларды кредиттеу отандық кәсіпорындарды өз тауарлары мен қызметтерін экспортқа жеткізуді ынталандыруға бағытталғанын атап өткен жөн.

Қарыздың ең аз сомасы – 1 млрд теңге, ал қарыз мерзімдері нақты операцияның талаптарына байланысты айқындалады.

Экспорттаушыларға қойылатын басты талап – өңделген өнім өндіру. Қаржыландыру шикізат пен материалдарды сатып алу үшін өнеркәсіптің өңдеуші секторындағы кәсіпорындарға беріледі.

Қаржыландыруға өтінім беру және қажетті құжаттар тізімімен танысу үшін мына сілтеме бойынша «Экспорттық операциялар» бөліміне өтуге болады.

Сондай-ақ оқыңыз