Алаяқ қаржы ұйымдарының тізімі жаңарды

Жарияланды
Тізімге 154 қаржы ұйымы енген

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензия алмаған, қызметі заң аясында реттелмейтін 154 қаржы ұйымының тізімін жасады. Бұл компанияларға ақша салса, клиентттің құқығы заңды түрде қорғалмайды.

Бұл тізім азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдарды ескере отырып, мемлекеттік органдармен берлесе тексеріліп жасалған.

Халықтың қаржылық қызметтерді тұтыну кезіндегі құқықтарын қорғау мақсатында жасалған тізімді ҚНРДА сайтынан көрге болады.

Қызметінде алдау мен алаяқтық белгісі бар қаржы ұйымдары:

  • Өзіңмен бірге компанияға адам кіргізуге;
  • Жоғары кіріс уәде ету;
  •  Қаржыңды басқа адамның басқаруына беруге үгіттейді.

Тізімге енген  ұйымдардың қызметі қаржылық лицензиялау және реттеу аясынан тыс. Тиісінше, клиенттердің қаржылық қызмет бойынша құқықтары заңнамалық тұрғыдан қорғалмаған. Яғни, бұл компанияларға жоласаңыз, ақшаңыздан айырылып, алданып қаласыз.

Сондай-ақ оқыңыз