Бес айда қаржы пирамидаларына 17 мың адам алданып қалған

Президент қаржы пирамидаларын алдын ала анықтауды тапсырды  

Қаржы пирамидалары бес айдың ішінде 17 мыңнан астам үлескердің құны 27 миллиард теңгеден асатын дүние-мүлкін иеленіп алған Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев    қаржы пирамидаларын алдын ала аныөтауды тапсырды.

Кеше реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтіп, жиын Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын талқылаудан басталды

– Қаржы секторы тұжырымдамасының аясында қаржы пирамидасының белгісі бар ұйымдарды алдын ала анықтауға, жедел әрекет етуге, азаматтардың қаржы алаяқтары туралы хабарлау мәселесін күшейтуге бағытталған шаралар қамтылуы қажет, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың нақты секторын банктердің белсенді несиелеуі жөнінде шаралар қабылдауды келесі маңызды міндет ретінде атап өтті. Сондай-ақ осы саладағы бірқатар проблемаға назар аударып, қаржы реттеушілеріне бұл мәселеге баса мән беруді және оны нақты шешу жолдарын ұсынуды тапсырды.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар