Jusan Bank өздеріне Назарбаев отбасының еш қатысы жоқ деп мәлімдеді

Банк өз беделін заңға жүгіне отырып қорғауға дайын

 Jusan Bank өздеріне Қазақстанның экс-перзиденті Нұрсұлтан Назарбаев отбасының байланысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды.

Жақында халықаралық баспасөзде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты Jusan Bank-пен және оның Лондонда орналасқан Jusan Technology Limited, UK (JTL) бас компаниясымен байланыстыратын бірқатар мақалалар жарияланған. Мақалаларда Назарбаев мырза Банкті де, JTL-ді де өз бақылауында ұстайды делінген. Осы мақалалардың кейбірі Қазақстан басылымдарында және әлеуметтік желілерінде жарияланып, таралды.

«Банк аталмыш мақалаларда фактілер қатты бұрмаланғанын атап өтеді. Осы мәлімдеме арқылы Банк Назарбаев мырзаның да, оның отбасы мүшелерінің де Банкке, оның еншілес кәсіпорындарына және бас компания –JTL-ге қатысы жоқ екендігін хабарлайды.  Олар Банктің акционерлерінің құрамына да кірмейді және қандай да бір нысанда Банкке немесе JTL-ге бақылауды жүзеге асырмайды» делінген хабарламада.

Банк өз беделін сақтау үшін және кез келген негізсіз айыптаулардан, қажет болса, заңға жүгіне отырып қорғанатынын мәлімдеді.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда