Энергетика министрлігі 2023 жылғы мұнай өндірісі болжамын өзгертпейді

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Қазақстан келесі жылы 90 млн тоннадан астам мұнай өндірмек

Каспий құбыр консорциумындағы (КҚК) екі айлақтық құрылғы істен шыққанымен, Қазақстан 2023 жылға арналған мұнай өндіру болжамын түзетпейді. Бұл туралы 21 қазанда өткен брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті.

Ол КҚК 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, теңіздегі агрессивті ортада мерзімді жөндеу жұмысы қажет екенін атап өтті.

«Осының бәрі биыл басталғаны кездейсоқтық болар, бәлкім… Біздегі бар құрылғы Қазақстанның қазіргі өндіріс көлемін толығымен экспорттауға мүмкіндік береді. Екі айлақтық құрылғы қазірдің өзінде 100-120% толып тұр, үшіншісі үнемі резервте тұрған. Осыған байланысты біз КҚК-дағы кейбір апатқа бола алдағы жылдардағы өндіріс жоспарларын түзеткіміз жоқ. Келесі жылы 92 миллионнан астам (тонна) мұнай өндірсек, 2024-2025 жылдары өндіріс болжам бойынша 100 млн тоннадан аспақ», деді ол.

Кейінірек министр екі айлақтық құрылғының 25 қазаннан кейін қайта іске қосылатынын айтып өтті.

22 тамызда КҚК қалқымалы цистерналардың зақымдалуына байланысты, 2 айлақтық құрылғының жұмысын уақытша тоқтатқан еді. Ауа райы қолайлы болса, әр агрегатты жаңартуға бір ай уақыт кетеді делінген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз