Бөліп төлеу картасы: банктердің ұсынысы қандай?

Жарияланды
Комиссиясы қанша?

Қазақстан нарығындағы ең танымал карта өнімдерінің бірі — бөліп төлеу картасы. Елдегі 21 екінші деңгейлі банк арасында бүгінде тек 7 банк осындай карта ұсынады, деп жазады Ranking.kz.

Altyn Bank серіктестік желілерге қосылмай және комиссиясыз бөліп төлеуді ұсынады. Altyn Bank картасымен бүкіл елде 6 айға бөліп төлеуге болады.

ЦентрКредит банкі мен Halyk Bank серіктес желілерден тыс сатып алғаның үшін айына 1% комиссия алады.

Хоум Кредит банкі және Еуразиялық банк. бөліп төлеу картасын кәдімгі несие картасы ретінде пайдалануға мүмкіндігін ұсынады. Еуразиялық банктің PayDa! картасында ай сайынғы шығынға байланысты комиссия алынады: 200 мың теңгеге дейінгі саудаға айына 2000 теңге, 200 мың теңгеден жоғары сауда жасасаңыз комиссия 5 мың теңгеден жоғары болады.

Kaspi Bank өз картасы бойынша бөліп төлеуді серіктестер желісінде ғана ұсынады. 3 айға дейін комиссия алынбайды. ForteBank ресми веб-сайтында мерзім мен комиссияларға ешқандай шарттар жоқ

Бөліп төлеу карталсының максималды несие лимитін ЦентрКредит банкі (7 млн теңгеге дейін) және Altyn Bank (5 млн теңгеге дейін) ұсынады. Halyk Bank, Еуразиялық банк және ForteBank 3 млн теңгеге дейін, Хоум Кредит банкі 2 млн теңгеге дейін, Kaspi Bank 150 мың теңгеге дейін лимит ұсынады.

Бөліп төлеу картасынан несие қаражатын алу мүмкіндігін 5 банк — Altyn Bank, ЦентрКредит банкі, Хоум Кредит банкі, Еуразиялық банк және ForteBank қарастырған.

Бір қызығы, биыл алғаш рет жалпы несие карталарының саны (бөліп төлеу картасы несие картасының ерекше түрі) жылдық динамика бойынша азайған. Осылайша, қазан айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда олардың саны былтыр 3,99 млн болса, қазір 3,85 млн қолданыстағы несие картасы бар.

Ай сайынғы динамика бойынша жыл басында сектордың күрт құлдырағаны байқалады, ол кезде карталардың саны бар болғаны 2,6 млн еді. Содан кейін жағдай түзеліп, соңғы айларда сектор қайтадан өсіп келеді.

Қатысты материалдар