Cақтандыру компаниялары 11 айда 818 млрд теңге табыс тапқан

Жарияланды
4 компания шығынға ұшырады

2022 жылдың 11 айында еліміздің сақтандыру компаниялары 818 млрд теңге көлемінде табыс тапқан. Бұл 2021 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 14,2% артық, деп жазады Finprom.kz.

Сақтандыру компанияларының шығыны табыстан сәл өсіп, 674,3 млрд теңгеге жетті. Бұл 2021 жылғы қаңтар–қараша айларымен салыстырғанда, пайданың 26,6% өсіп, корпоративтік табыс салығын төлегенге дейінгі көрсеткішті 143,7 млрд теңгеге жеткізді.

Бір жылда корпоративтік табыс салығының көлемі 38,3%, ал салықтан кейінгі таза пайда 25,7% өсіп, 131,4 млрд теңге болды.

2022 жылғы қаңтар–қарашада ҚР сақтандыру ұйымдарының бөлінбеген жиынтық табысы 126,9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,2% артық.

Бір жыл бұрын сақтандыру компанияларының бөлінбеген табысының көлемі 4,9% қысқарған еді

Сақтандыру компаниялары арасында 2022 жылдың қаңтар–қараша айларында ең жоғары бөлінбеген табыс «Еуразия» сақтандыру компаниясына тиесілі: 37,7 млрд теңге. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,5 есе көп. Одан кейін өмірді сақтандыру компаниялары келеді — «Халық-Life» және «НОМАД Life»: 15,5 млрд және 10,7 млрд теңге. «Халық-Life» бөлінбеген табысы көлемі 2,2 есе, «НОМАД Life» бөлінбеген табысы 9,9% өсті.

Сондай-ақ «Еуропалық сақтандыру компаниясы» айтарлықтай табыс тапты (10,6 млрд теңге), одан кейін «Виктория» СК (9,8 млрд теңге) және Freedom Finance Life ӨСК (8,2 млрд теңге).

2022 жылдың қаңтар–қараша айларында «Коммеск-Өмір» СК (2,9 млрд теңге), «Сентрас Коммеск Life» ӨСК (1 млрд теңге), Amanat insurance СК (622,8 млн теңге) және INTERTICH ҚДСжМСК (323,3 млн теңге) жабылмаған шығынға ұшырады.

Қатысты материалдар