Қазақстан Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігінің жұмысын тоқтатады

Жарияланды
Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланған

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігінің жұмысын тоқтайтын болды. Бұл шешім мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыру процесінің шеңберінде қабылданған. Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта қазақстандық бизнес үшін Ресей бағытында жұмыс істеу және барлық операциялық мәселелерді шешуге бар жағдай жасалған. Бұл ретте жұмыстан босаған мамандар Қазақстанның басқа елдерде дипломатиялық қатысуын күшейтуге ат салысады.

«Бұл шешім 1992 жылғы 22 қазандағы сауда өкілдіктерін өзара құру туралы үкіметаралық келісімнің күшін жоюды талап етпейді және Ресей Федерациясының ҚР-дағы сауда өкілдігінің жұмысына және жалпы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына әсер етпейді», делінген хабарламада.

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша одан әрі жұмыс Ресейдің барлық ірі қалалары мен аймақтарында құрылған «QazTrade» ССДО АҚ серіктестік желісі арқылы жалғастырылатын болады.

Қазіргі кезде Қазақстанда Ресейдің қатысы бар 8000-ға жуық компания және 3348 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Мәскеудегі ХШЖК аумағында халықаралық маңызы бар «Қазақстан» сауда-көрме орталығы («QazExpoCongress» ҰК» АҚ жалғыз қатысушысы) жұмыс істейді, оның міндеттеріне мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету кіреді.

Ресей Федерациясында экономикалық дипломатияны ілгерілету функциясын ескере отырып, ҚР-ның Ресей Федерациясындағы елшілігінен басқа, Санкт-Петербург, Омбы, Қазан және Астрахань қалаларындағы бас консулдықтар тиімді жұмыс істейді. Сонымен қатар, Екатеринбург қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашу мәселесі талқылануда.

Ресей Федерациясы Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы:

  • 2022 жылғы қаңтар-қарашада 23,6 млрд АҚШ долларын;
  • 2021 жылы 24,6 млрд. АҚШ долларын;
  • 2020 жылы 8,8 млрд АҚШ долларын құраған.
Сондай-ақ оқыңыз