Қаңтардан бері Ұлттық банктегі резервтік ақша көлемі азайған

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қазақстанның Ұлттық банкі 2023 жылдың сәуір айының соңындағы активтерінің монетарлық есебін жариялады.

Таза сыртқы активтер жыл басынан бері төмендеп, сәуір айында қаңтардағы көрсеткіштерге қайта көтеріліп, 43,591 трлн теңгені құрағанын байқауға болады. Таза сыртқы активтер 2023 жылдың қаңтарынан бастап 16,3 миллион теңгеге өскен. Жалпы 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда таза сыртқы активтердің барлық көрсеткіштері бойынша айтарлықтай өсу байқалады.

Таза халықаралық резервтер қаңтар айында 15, 966 трлн болса, ақпан айында бұл көрсеткіш 14, 521 трлнға дейін төмендеп, сәуірде 15, 922 трлн теңге қайта өскен. Солайша 531 767 миллионға артқан. Жалпы халықаралық активтер ЕАВ* сәуір айындағы жағдай бойынша 17, 036 трлн теңгені құрайды. Ұлттық Қордың активтері жыл басынан бері 224 907 млн теңгеге көтеріліп, сәуірде 26, 617 трлн болған. Оның жыл басындағы мәні 26, 536 трлн теңгені құраған.

Ал таза ішкі активтер көлемі 32,437 трлн теңгеге төмендеген.

Сыртқы міндеттемелердің төмендеуі 11,154 трлн теңге шегінде тұр. Ұлттық банктің мәліметінше, қаңтардан бері резервтік ақша 10,678 триллионнан 9,854-ке дейін азайған. Десе де, бұл салада күрт төмендеу жағдайлары кезеспеген. Көрсеткіштер әр айда баяу азайып отырған. Мәселен, қаңтарда 10 678 782 теңге (барлығы да трлн өлшеммен), ақпанда 10 047 215 теңге, наурызда 10 284 491 теңге, сәуірде 9 854 371 теңге болған. Депозиттер болса, қаңтарда 5,739 трлн теңге болса, сәуірде 4,763 трлн теңгеге дейін түскен.

Сондай-ақ оқыңыз