Фото: Ашық деректер
Қаржы мониторингі агенттігі «Қазақстан барысына» жұмасалған қаражатты тексеріп жатыр.
«Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеруде» делінген баспасөз хабарламасында.
Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу мүддесін көздеу мақсатында басқа ақпарат жария етуге жатпайды.