Заң талабын бұзу: антилидерлер арасында қандай банктер бар?

Жарияланды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сайтында ведомтсва тарапынан банктер мен жекелеген компанияларға қатысты қандай санкциялар мен ықпал ету шараларын қабылданғаны туралы ақпарат бар. Оған сәйкес, биылғы жылдың екінші тоқсанында банктерге салынған айыппұл көлемі 1,4 млн теңгеге жуықтапты. «Курсив» тілшісі 2023 жылдың ІІ тоқсанында бұузышылық жасау арқылы ҚНРДА назарына іліккен банктер тізімін жасап шықты.

«БанкЦентр Кредит» АҚ өтініш берушіге мерзімі өткен берешектің бар екендігі туралы хабарламалардың болмауы, сондай-ақ Өтініш берушінің шоттарына ПТ-ны заңсыз беру кезінде көрсетілген Банктер туралы заңның 36-бабы 1, 2-тармақтарының талаптарын сақтамау дерегі бойынша 2023 жылғы сәуір айының 4-нде ескерту жасалған.

Сонымен қататр, банк қызметкерлерінің клиент және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дұрыстығын тиісінше тексермегені үшін «БанкЦентрКредит» АҚ әкімшілік айыппұл салыныпты. ҚНРДА сайтында айыппұл көлемі ашық көрсетілмеген.

6 сәуір күні «Нұрбанк» АҚ Агенттік тарапынан «кредиттік тарих субъектісінен алынған ақпаратты кредиттік бюроға уақтылы бермегені» үшін айыппұл арқалаған. Айыппұл көлемі 690 000 теңге. Сонымен қатар, банк қызметінде анықталған (ҚР Банктер және банк қызметі туралы Заңның 45-1 және 46-бабтарына сәйкес) кемшіліктер мен тәуекелдер үшін осы қаржы ұйымына жазбаша ескерту берілген.

Дәл осылай, 690 000 теңге айыппұл, жеткізушінің кредиттік бюроға ақпаратты дұрыс ұсынбағаны үшін «Еуразиялық банк» АҚ арқалапты. Дәл осы себеппен бұл баннке салынған екінші айыппұлдың көлемі агенттік сайтында ашық көрсетілмеген. Алайда, банк оны 17 тамызға дейін төлеуі тиіс.

Ал, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңның 27 – бабы 12-тармағының талаптарын сақтамағаны» үшін және банк қызметінде анықталған кемшіліктер мен тәуекелдер үшін, «Bereke Bank» АҚ екі рет жазбаша нұсқама алған.

Алматы қаласындағы «Қытай өнеркәсіптік-сауда Банкі» АҚ банктер туралы Заңның 45-1 және 46 баптарына сәйкес 2 рет жазбаша ескерту алыпты.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 15-4 баптың 4 тармағына сәйкес, сауалға кеш жауап бергені үшін «Қазақстан Халық банкі» АҚ ескерту алған. Сонымен қатар, банктер туралы Заңның 45-1 және 46 баптарына сәйкес, осы қаржы ұйымына жазбаша бұйрық жіберілді

Клиенттің тиісті өтінішінсіз клиенттің банктік шотын жапқаны үшін «Home Credit Bank» АҚ ескерту алған. Ал, аталған банкке агенттік тарапынан жасалған екінші ескертуге – банк пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың істен шығуы (жұмысының бұзылуы) салдарынан залалдың туындауында көрсетілген № 188 Ереже бұзылуы себеп болыпты.

Банк қызметінде анықталған кемшіліктер мен тәуекелдер үшін «Банк ВТБ» Қазақстан АҚ ЕҰ да ескерту алыпты.

Атқарушы орган құрамындағы өзгерістер туралы ақпаратты уақтылы орналастырмағаны үшін «Отбасы банк» АҚ ескерту жасалыпты.

Сондай-ақ оқыңыз