2025 жылға дейін мобильді аударымдар үшін кәсіпкерлерге айыппұл салынбайды – Қаржы министрі

Жарияланды
Предпринимателей призвали открывать отдельный счет / Shutterstock

Қазақстанда 2025 жылға дейін мобильді аударымдар үшін кәсіпкерлерге айыппұл салынбайды. Бұл жайлы Үкімет отырысында Қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаев айтты.

«Біз ешкімді алдына ала үрейлендіргіміз келмейді» деген министр 2025 жылға дейін профилактикалық жазалар болмайтынын айтты.

Министрдің айтуынша, бизнесмендердің екі шоты болуы керек. Бірі кәсіпкерлік қызметке пайдаланылса, екіншісі жеке мақсаттар үшін мобильді аударымдар үшін қолданылады.

«Егер бұл трансферт кәсіпкерлік қызмет аясында жіберілсе, әрине, мұндай айналымға салық салынады. Сондықтан, біз сол кәсіпкерлерге айтамыз, қазірдің өзінде оған дағдылану керек. 2020 жылы біз бұл туралы айтып, бірте-бірте екі шот аштырдық. Яғни кәсіпкерлік қызмет үшін жеке шот, ал жеке ақша аударымдары үшін тағы бір карточкалық шот ашқыздық», – деді ол.

Жамаубаев барлық кәсіпкерлерді жеке есепшот ашуға шақырды. Ол үшін арнайы мобильді қосымша, бақылау-кассалық аппараттар, qr-кодтар бар. Бұл мәселеде банктермен пысықтайтын мәселелер бар екенін айтқан министр, қаржы институттарында қажетті құралдардың жеткілікті екенін айтты.

Сондай-ақ ол жалпыға бірдей декларациялау процесі 2025 жылы аяқталатынын айтты. Министрдің айтуынша, бұл мемлекеттік қызметкерлерге де, кәсіпкерлерге де қатысты. Жамаубаев мүлікті жария етпеген тәртіп бұзушыларға шара қолданылатынын атап өтті.

31 шілдеде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге үндеу айтып, әкімшілік жауапкершілікті еске салды. МКК кейбір кәсіпкерлер тауарлар үшін төлемді банктерде ашылған жеке шоттары арқылы, кассалық машиналар мен POS-терминалдарды қолданбай қабылдайтынын мәлімдеді.

Мемлекеттік кірістер комитеті қазір кейбір кәсіпкерлер банкте ашылған жеке шотына сатылған тауарлар мен қызметтер үшін мобильді ауадырмдар арқылы ақы алатынын, алайда, бұл аударымдар бақылау-касса машиналары мен POS-терминалдарды қолданбай, тиісінше чектер берілмей жүргізілгендіктен заңсыз болып саналатынын мәлімдеді. Оған әкімшілік жауапкершілік көзделген. Осы заң бұзушылықтар қайталанса, салық төлеушінің субъектілігіне байланысты салынатын айыппұл 15 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін жауапкершілік қарастырылады.

Ал 2024 жылдан бастап, ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударым алған азаматтар бақылауға алынады. Бұл жайлы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитетінде келесі жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыратын азаматтарға арнап жадынама әзірледі.

2024 жылдан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталады. Сол шара шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1 қаңтарға заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары ұсынуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз