Әбілқасымова: ЕАЭО ортақ валютасын енгізу мәселесі талқыланған емес

Жарияланды
архив: kursiv.media

ЕАЭО елдеріне арналған ортақ валюта құру туралы мәселе ешқашан талқыға түспеген. Бұл туралы бейсенбі күні кулуарда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова айтты.

Агенттік төрағасынан журналистер ЕАЭО аймағына ортақ «алтын» валютасын енгізу туралы сұраған. Әбілқасымова ЕАЭО-ға ортақ валюта енгізу мәселесі ешқашан талқыға түспегенін атап өтті.

«Өзара серіктестік кездесулерде бұл мәселе ешқашан талқыланбады. Мұндай ұсыныс та болған емес», – деп жауап берді Ақорда кулуарында Әбілқасымова.

Айта кетейік, 2014 жылдың сәуір айында ЕАЭО жоспарларын талқылау кезінде «2025 жылға дейін» ЕАЭО елдеріне «алтын» атты  ортақ ақшалай бірлік енгізу мәселесі талқыланған.

Ақорда кулуарында Әбілқасымова журналистерге Ресейдің санкция ілінбеген банктері Қазақстан банктерінен 205 корреспонденттік шот ашқанын айтқан болатын.

2022 жылдың 24 сәуірінде Редей Украина толыққанды басып кіргеннен кейін қазақстандық сарапшылар ЕАЭО құрамынан шығу туралы сөз қозғаған.

Сондай-ақ оқыңыз