Костенко атындағы шахтада қайғылы жағдайда қаза тапқан 20 кеншінің отбасы асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттен жәрдемақы алды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев мәлімдеді.
Қарағанды облысының басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасы қандай көмек алғанын айтып берді.
«Мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілді. Бүгінгі таңда 46 отбасы БЖЗҚ-дан жерлеуге біржолғы төлем құжаттарын рәсімдеді. Оның ішінде 42 отбасы көмек алды, қалғанотбасылардың өтініш қарастырылып жатыр», — деді әкім 11 қарашада өткен брифингте.
Республикалық бюджеттен асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша 20 отбасы Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алды.
Бөлекбаевтың айтуынша, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 41 отбасыға кеншілердің 10 жылдық жалақысын төлеген.
«Тағы бес отбасының өтініш қарастырылуда. Компания қаза тапқан кеншілердің, олардың жұбайларының, ата-аналары мен балаларының несиелерін өтеді», – деп атап өтті қала басшысы.
«Сақтандыру төлемдері, 23 жасқа дейінгі балалардың жоғарғы оқу орнындағы оқу ақысын төлеу қарашада басталады», — деп толықтырды Бөлекбаев.
Еске салайық, 28 қазанда түнгі сағат 2-ден 36 минут кеткенде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтасында тереңдігі 700 метрде өрт шығып, кейіннен метан-ауа қоспасы жарылды.
Авария кезінде ауысымда 252 кенші болды, оның 201-і өздігінен көтеріліп, 5-і тау-кен құтқару күштерімен табылып, 46 азамат опат болды.
Бұл қайғылы оқиғаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл білдірді. Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Сонымен бірге мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысына барып, қазақ тапқан кеншілерідің отбасымен кездесті. Бұл қайғылы оқиғадан соң, президент 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын мемлекет меншігіне қайтару туралы келісім жүргізіп жатқанын айтты. Кейіннен компания жұмысына инвесторлар тартылатыны туралы сөз қозғады.