Жаңалықтар

Илон Маск Tesla-дағы үлесін 25%-ға арттырғысы келеді

Илон Маск Tesla

Илон Маск Tesla-дағы үлесі көбеймесе, басқа стартаптармен айналысатынын мәлімдеді / Фото:

Илон Маск өзінің Tesla-дағы үлесін 25%-ға арттырғысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Х әлеуметтік парақшасында жазған.

Маск қазіргі дауыс үлесіне көңілі толмайтынын мұндай дауыс үлесімен компанияға жасанды интеллект пен робототехника төңкерісін жасау «ыңғайсыз» екенін айтқан.

«Мен Tesla-ны жасанды интеллект пен робототехниканың көшбасшысы ретінде дамытуды 25% дауыс үлесімен жүзеге асыруды ыңғайсыз деп ойлаймын. Бұл дауыс көлемінің бірнәрсеге әсер етуге күші жетеді, бірақ мені орнымнан құлатуға жеткілікті», – деді Маск.

Ол компаниядағы үлесі 25 пайызға жетпесе, өзінің Tesla-дан тыс өнімдер шығарғысы келетін ойымен бөліскен. Маск Tesla-ның бір ғана стартап еместігін, ол жерде ондаған стартапты дамытуға болатынын атап өткен.

Масктің компаниядағы үлесі Twitter-ді сатып алатын кезде азайды. Ол әлеумттік желіні сатып алу үшін миллиардтаған долларлық Tesla акцияларын сатқан.

Илон Маск Twitter-ді, шамамен, 44 миллиард долларға сатып алды. Ол бірден кадрлық қысқарту жүргізді және платформада түбегейлі өзгерістер жасады. Қазір компанияны ең ірі акционер, техникалық директоры және атқарушы төрағасы есебінде басқарады. Мұнымен қоса, Илон Маск Tesla автомобиль өндірушісі мен SpaceX аэроғарыштық компаниясының бас директоры екені белгілі.

Жалпы, Tesla кәсіпорнын ашуға сол аймақтағы біраз елдер үмітті екенін айтқан едік.  2023 жылдың қыркүйегінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған компанияның бас директоры Илон Маскпен кездесіп, зауыт салуға қолқа салғаны туралы ақпарат тарады. Кездесу барысында экономика, жаңа технологиялардың жай-жапсары сөз болып, саясаткер миллиардерді Түркияда жетінші Tesla электромобиль зауытын ашуға шақырды.  

Сонымен бірге зауытты өз елінен аштыруға Сауд Арабиясы да мүдделі. The Wall Street Journal басылым, америкалық Tesla компаниясымен Таяу Шығыс елінде өндіріс орнын салу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын жазған болатын.

Ал Маск өз кезегінде Нью-Йоркте Ердоғанмен кездесуінде көптеген түрік жеткізуші фирмаларының Tesla-мен жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ Түркияның компанияның келесі зауытын салуға негізгі үміткерлердің бірі екенін атап өтті.