Ресейлік «Газпромбанк» теңгемен аударымдарды тоқтатады

Жарияланды (жаңартылды )
Ресейлік Газпромбанк теңгемен аударымдарды тоқтатады / kursiv.media

Ресейлік Газпромбанк теңгемен аударымдарды тоқтатады. Шектеу 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап өз күшіне енеді.

Frank media басылымының ақпаратына сүйенсек, бұл барлық қызмет сегментінің клиенттеріне әсер етеді. Осыған дейін теңгемен аударымдарға корреспондент «Қазақстан Халық банкі» болған.

Теңгемен аударымдарды тоқтата тұру туралы банк тарифтерінің жаңа редакциясында жазылған. 

Бұрын теңгемен ақша аударымы үшін комиссия 300 рубль мен 1500 рубль арасындағы болған жағдайда аударым сомасының 1% құраған.

22 қаңтардан бастап «Газпромбанк» жеке тұлғалар үшін түрік лирасына аударымдарды тоқтатқан. Алайда өзге сегменттегі клиенттерге бұл мүмкіндік ашық болып қалған.

Айта кетейік, 2023 жылы қазан айында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы») мен ресейлік Газпромбанк ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі редакцияға жолдаған ақпаратта: «Тараптар Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде банктік сүйемелдеу тәжірибесін қолдануға ниетті», – деп жазылған. 

«Өз кезегінде, «Газпромбанк» осы технологияны басқа елдерге экспорттайтын жалғыз ресейлік несиелік ұйым бола отырып, серіктеске өнім бойынша әдістемелік, консультациялық және басқа да сараптамалық қолдау көрсетеді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар баспасөз баянында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаевтың сөзі де келтірілген.

Айта кетейік, меморандумға «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев пен «Газпромбанктің» вице-президенті – Синдикатталған және халықаралық қаржыландыру департаменті бастығының орынбасары Анастасия Шакина қол қойды.

2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында Ресейден елімізге 54,9 млрд теңге келген. Алайда бұл 2022 жылдың қаңтар–мамырымен салыстырғанда 24,1% аз. Сондай-ақ Өзбекстаннан 14,7 млрд теңге, Оңтүстік Кореядан 13,9 млрд теңге, АҚШ-тан 13,9 млрд теңге аударылған.

2023 жылдың жарты жылында Ресейден 10,6 млрд теңге аударылған. Бұл ҚР-ға аударылған барлық ақшаның 37,8%-ын құрайды. Ал бір жыл бұрын аударымдардағы Ресейдің үлесі барлық аударымның 65,9%-на тең болып, 45,6 млрд теңгеге жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз