Halyk Finance: Заңды тұлғаларға берілетін несие көлемі артады

Жарияланды
Шығарушы редактор
заңды тұлғаларға
Заңды тұлғаларға берілетін несие көлемі артады Фото: shutterstock.com

2024 жылы банктердің заңды тұлғаларға беретін кредит көлемі 15 пайызға өсуі мүмкін. Есесіне жеке тұлғаларға берілетін тұтынушылық несие қарқыны баяулайды. Halyk Finance сарапшылары Қазақстанның банк секторына қатысты болжамын жариялады.

Қаржыгерлер 2023 жыл банктер үшін сәтті болғанын атап өтеді. Жыл басында банк секторының бүкіл негізгі көрсеткіштері айтарлықтай жақсарғаны байқалды. Меншікті капитал көлемі үштен бір есе өсті. Осындай жағдайда пруденциалды нормативтер банк секторындағы ықтимал тәуекелдерді жабуды қамтамасыз ете отырып, заңнамада белгіленген деңгейден айтарлықтай асып түскен.

2023 жылы банк секторының активтері  15,4% өсіп, 51,4 трлн теңгеге жеткен. Оған негізінен несие портфелінің 23,1%-ға өсуі ықпал етті.

ЕДБ-нің өтімділігі жоғары активтері 15,1 трлн теңгені немесе активтердің 29,3%-ын құрады. Бұл өз кезегінде банктерге міндеттемелеріне толық өтеуге мүмкіндік береді. 

Қаржы ұйымдарының  меншікті капиталы 2023 жылы 31,3% өсіп,  6,9 трлн теңге болды.

Осы ретте сарапшылар биыл заңды тұлғаларға несие беру қарқыны артады деп тұжырымдайды. Бір жылдық өсім 15 пайызды құрауы мүмкін.Оған экономикалық өсім және ақша-несие саясатын жеңілдету себеп болмақ.

2024 жылы жеке тұлғаларға берілетін несие көлемі 15 пайызға қысқаруы ықтимал. Оған үкіметтің несие беруді шектеу талабы мен алдыңғы жылы пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуы әсер етеді.

Депозит көлемі қандай болады?

2024 жылы заңды тұлғаларға тиесілі депозит көлемі 6 пайыз өсім байқатуы мүмкін. Өйткені заңды тұлғаларға сыртқы активтер мен бағалы қағаздар неғұрлым тартымды. Компаниялар артық ашасын депозитке емес, бағалы қағаздарға салғанды жөн көреді.

Жеке тұлғалардың банктердегі депозит көлемі де былтырғы қарқынын қайталай алмайды. Сарапшылардың пікірінше, 2023 жылы 22 пайыз өсім көрсеткен депозит көлемі биыл 12 пайыз қоспақ. Оған Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендетуі әсер етеді.

«Корпоративті сектор депозиттерінің 2024 жылғы өсіміне қатысты болжамымыз консервативті болып қала береді. Заңды тұлғалар үшін сыртқы активтер мен бағалы қағаздар тартымды болуына байланысты, өсім шамамен 6%-дан жоғары болмайды. Ал жеке тұлғалар депозиттерінің өсімі 2023 жылғы деңгейден төмендеу болса да, екі таңбалы саннан асып түседі – 12%. Оған баға өсімінің баяулауы, ақша-несие саясатының жұмсаруы және пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі ықпал етеді» , – дейді сарапшылар.

2023 жылы ел тұрғындарының банктерде жинаған депозит көлемі 20,6%-ға өскен. Соның есебіннен банк секторының міндеттемелері де артып, (13,3%) 44,6 трлн теңгені құрады. Өйткені банк міндеттемелерінің басым бөлігі 78,7 пайызы клиенттердің салымынан тұрады. 

Санкция қаупі бар ма?

ҚНРДА 2023 жылы активтері банк жүйесінің 84%-ын құрайтын 11 жетекші банк арасында актив сапасын тұрақты бағалау (AQR) жүргізді. Оның нәтижесі банктер берген несие 2022 жылмен салыстырғанда шамамен 37%-ға өсіп, 20,9 трлн теңгені құрағанын байқатты. Берілген несенің негізгі бөлігін кепілсіз тұтынушылық несие, ірі және шағын бизнеске берілген несие, сондай-ақ инвестициялық жобалар құраған. Сонымен қатар ҚНРДА тәуекелге негізделген қадағалауды күшейту бойынша жұмысты жалғастырды. Бұл істе ең негізгісі – SREP (Supervisory Review and Evaluation Process) әдістемесін жаңартылды, оның нәтижесі быил белгілі болады.

«2023 жылы қайталама санкциялардың күшею қаупін ескере отырып, банктер де комплеанс-шараларын айтарлықтай күшейтті. Осылайша, Қазақстан банк жүйесіне қайталама санкция тәуекелі ең төменгі деңгейде қалып отыр», – деп тұжырымдайды сарапшылар.

Сондай-ақ оқыңыз