Freedom Holding Corp. 2023 жылдың IV тоқсандағы түсімі екі есе өсіп, $418,6 млн құрады

Жарияланды
Шығарушы редактор
Freedom Holding Corp. түсімі екі есе өсіп, $418,6 млн құрады. Фото: Shutterstock

Freedom Holding Corp. компаниясының 2023 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған үш айдағы түсімі екі есе өсіп, $418,6 млн құрады. Таза пайдасы 54%-ға өсіп, $96 млн жеткен. Компания IV тоқсанның қорытындысын жариялады.

Түсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе, нақтырақ айтсақ, 96 пайызға жоғары. 2022 жылдың IV тоқсанында корпорация 214 млн доллар табыс тапқан.

Соның ішінде Орталық Азия сегментіне түскен табыс $361,3 млн құраған. (Freedom Bank – $140,2 млн, Freedom Broker – $109,3 млн, Freedom Life – $76,97 млн, Freedom Insurance – $17,1 млн).

Корпорацияның еуропалық бөлгінің түсімі $39,5 млн құрады. Австрия, Нидерланды, Италия және Болгарияда жаңа өкілдіктер ашылған.

Табыстың өсуіне негізінен пайыздық кіріс, сақтандыру компанияларынан түсетін және екі кезең арасындағы комиссиялық кірістің артуы ықпал еткен:

  • Компания операциялық қызметінің өсіміне байланысты комиссия мен комиссиялық кіріс 49%-ға немесе 39,3 миллион долларға өскен.
  • Холдингтің пайыздық кірісі 182%-ға немесе 146,2 млн долларға артты. Бұл өзінің бағалы қағаздар портфелінің, сондай-ақ берілген банктік несиелердің ұлғаюына байланысты. Оның үстіне осы тоқсанда брокер клиенттері маржалық несиелеу арқылы өз позицияларын қаржыландыра отырып, белсенді сауда жасады.
  • Сақтандыру бизнесінің кеңеюіне байланысты сақтандыру қызметінен түскен кіріс 177%-ға немесе 50,5 млн долларға өсті.
  • Есепті кезеңде бағалы қағаздармен сауда-саттықтан түскен таза шығын/кіріс 120%-ға немесе 30,1 миллион долларға төмендеді Freedom Holding Corp. бағалы қағаздармен сауда операциялары бойынша 9,4 млн АҚШ доллары сомасындағы пайданы жүзеге асырды.
  • Туынды қаржы құралдары бойынша таза шығын 98%-ға немесе 21 млн долларға өсті. Өзгеріс ең алдымен шетел валютасындағы своптарды теріс қайта бағалауға байланысты.

Freedom Holding Corp шығындары 2024 қаржы жылының үшінші тоқсанында 89%-ға немесе 144,5 млн долларға өсті. Бұл пайыздар мен комиссиялық шығыстың өсіміне байланысты.

Копанияны таза пайдасы 54%-ға өсіп, $96 млн құрады. FRHC бір акция кірісі $1,65 болған. Ал холдингтің активтері 7,4 млрд долларға дейін жеткен.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша брокерлік клиенттік шоттарының саны 458 мыңға жетті.

Бұған дейін Freedom Holding Corp. 2023 жылдың екінші тоқсанындағы кірісі үш есеге жуық өскенін жариялаған.

Сондай-ақ оқыңыз