Сарапшылар ел экономикасының өсімі тұрақты болады деп санайды

Жарияланды (жаңартылды )
kursiv.media

2024 жылы Brent маркалы мұнайдың 1 баррелі орташа есеппен 81 АҚШ доллары, 2025 және 2026 жылдары – 80 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасады. Сарапшылар қауымдастығы осы шамада болады деп болжап отыр. Қазақстан Ұлттық банкі сарапшылар арасында жүргізген макроэкономикалық сауалнама нәтижелерін ұсынды.

Сауалнамада Brent маркалы мұнай бағасы, Қазақстан экономикасының өсуі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлардың және қызметтердің экспорты мен импорты, сондай-ақ ұлттық валюта бағамы негізге алынды.

Сарапшылар Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты 2024 және 2025 жылдарға арналған болжам тиісінше 4,5% және 5% деңгейінде болады деп есептейді. 2026 жылға арналған болжам 4,5%-дан 4,7%-ға дейін біршама өсті.

2024 жылға арналған инфляцияға қатысты болжам көп өзгермей, 8,4%-ды құрады (алдыңғы болжам – 8,5%). 2025 жылға арналған болжам 6,5%-дан 7%-ға, 2026 жылға болжам 5,7%-дан 6%-ға дейін өсу жағына қарай қайта қаралды. Сонымен қатар сарапшылар барлық болжамды кезеңде базалық мөлшерлемені жоғарырақ деңгейде күтеді. 2024 жылға арналған күтулер 13,8%-дан 14%-ға дейін, 2025 жылға – 10,5%-дан 11,2%-ға дейін, 2026 жылға – 9%-дан 9,8%-ға өсті.

Сондай-ақ оқыңыз