ХВҚ биыл Қазақстанның ЖІӨ-сі әлемдік орташа деңгейден жоғары болады деп болжап отыр

Жарияланды
Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасына қандай болжам жасады?/ қаkursiv.media

Халықаралық валюта қоры әлемдік экономиканың болашағына болжамды жаңартты.
Оған сәйкес әлем экономикасы биыл және келесі жылы да 3,2% өседі деп болжайды. Алайда бұл көрсеткіш 2000-2019 жылдардағы әлемдік орта деңгей – 3,8%-дан төмен.

Қор сарапшылары:«Өсім АҚШ-тағы ахуалдың жақсаруы мен оның басқа мемлекеттерге әсері есебінен болуы мүмкін»,– дейді. Сонымен қатар жаһандық инфляция 2024 жылы 5,9%, 2025 жылы 4,5% төмендейтінін айтады.

Ал Қазақстанға арналған болжамда экономикалық өсім 3,1%, 2025 жылы 5,6% болады деп отыр.

Айта кететіні, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім бойынша Қазақстан Ресейді қуып жеткен. Орта есеппен оның көлемі 13 мың долларға жуықтаған. Ал бұл көрсеткіш осы аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай көп. Яғни бұл көрсеткіш Тәжікстаннан 11 есе, Қырғызстаннан 7,1 есе, Өзбекстаннан 5,2 есе артық екен.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік банк (ДБ) Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2024 жылы 4,3% деңгейінде, 2025 жылы 4,5% деңгейінде өседі деп болжаған еді. Жаһандық банк 2023 жылдың маусымында елдің экономикалық өсуін 2024 жылы 4% және 2025 жылы 3,6% деңгейінде қалыптасады деп болжаған еді.

Қаржы ұйымының бағалауы бойынша, 2023 жылы Қазақстанның ЖІӨ-сі 4,5% өскен.

Сондай-ақ оқыңыз