«Отбасы банкке» қаржы операцияларын жүзеге асыруға жаңа лизенция берілді

Жарияланды (жаңартылды )
«Отбасы банкке» қаржы операцияларын жүзеге асыруға жаңа лизенция берілді/ kursiv.media

30 сәуірде «Отбасы банк» АҚ-ға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк операцияларын және ҚР банк заңнамаларында көрсетілген өзге де операцияларды жүзеге асыруға жаңа лизенция берді. Бұл жөнінде KASE хабарлады.

Осы лицензия операциялардың мына түрлерін жүргізуге арналған:

  • Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына салымдар қабылдау, салымшылардың шоттарын ашу және жүргізу;
  • Салымшыларға тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру;
  • Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы төлемдерін есепке жатқызу үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шотын ашу және жүргізу;
  • Мемлекеттік білім беру жүйесіне қатысу үшін жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын жүргізу және ұлттық валютадағы банк операцияларын жүргізу;
  • Кассалық операциялар: қолма-қол ақша ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, санауды, қабылдауды және орауды қоса алғанда, оны қабылдау және беру;
  • Аударым операциялары;
  • Шетел валютасымен айырбастау операциялары;
  • Депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
  • Тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарын ашу және жүргізу;
  • Өзінің бағалы қағаздарының (акцияларды қоспағанда) эмиссиясы;
  • Сенімгерлік операциялар;
  • Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу;
  • Ауылдарға жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мақсатында төлемдер мен субсидиялар бойынша есепке алу үшін ақшаны басқарудың сенімгерлік операциялары.

Қаңтар айында Қаржы нарығын реттеу агенттігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамға операциялардың қосымша түрлерін қосуға лицензия берді. Банк 18 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтарына «Ұлттық қор – балаларға» жобасы шеңберінде қаражат аударылатын арнайы шоттар ашуға мүмкіндік алды. 

Сондай-ақ оқыңыз