Jusan Bank үшінші жыл қатарынан дивиденд төлемейді

Жарияланды (жаңартылды )
Jusan Bank биыл да дивиденд төлемейді /Асқар Ахметуллин

Jusan Bank 2023 жылға дивиденд төлемейді. Бұл шешім акционерлердің жалпы жиналысында бірауыздан қабылданды, деп хабарлайды KASE Қазақстан қор биржасында.

«Jusan Bank-тің қарапайым акциялары бойынша дивидендтер есептелмейді және төленбейді. Jusan Bank-тің 2023 жылғы таза табысы бөлінбейді және Jusan Bank-тің бөлінбеген таза кірісіне бағытталмайды», – делінген хабарламада.

2013-2019 жылдар үшін Jusan Вank акционерлерге дивиденд ретінде 113,4 миллиард теңге төледі. 2020 жылға 113,8 миллиард теңге бөлінбеген таза табыстан банк төлегісі келді. Акционерлердің жалпы жиналысында осы мәселе талқылануы керек еді. Бірақ соманы бекіту жайы кворумның болмауына байланысты бірнеше рет шегерілді. Сондай-ақ 2022 жылға дивидендтер төленбеген.

2022 жылы экс-депутат Қанат Нұров Jusan Bank-тің 2019-2020 жылдардағы табысы «толығымен дерлік мемлекет көмегінен түскен табыстан» деп атап өтті.

2023 жылдың қаңтарында сол кездегі премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет Jusan Bank акционерлеріне 2017-2020 жылдары мемлекет қолдау көрсеткен қаражатты қайтармайынша, дивиденд төлеуге шектеу қойғанын айтты.

2023 жылдың көктемінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ARFRDF) мемлекетке берілген қаржыландыру үшін әлі төлем жасамаған банктердің қызметін шектейтін жаңа ережелерді әзірлеп, заңмен бекітті. Негізгі шара банктердің дивидендтер төлеудегі шектеулеріне қатысты. Мемлекеттік көмектің мерзімінен бұрын қайтарылған көлеміне байланысты пайданы белгілі бір мөлшерде бөлуге рұқсат етіледі.

2024 жылдың сәуір айының басында Jusan Bank «Самұрық-Қазынадан» 100 миллиард теңгенің реттелген облигациялар шығарылымын сатып алғанын хабарлады. Осылайша, банк бұрын алған мемлекеттік көмекті өз еркімен мерзімінен бұрын қайтарды.

Қазіргі уақытта Jusan Bank-тің негізгі акционерлері 79,63% үлесімен First Heartland Securities және 20,11% үлесімен АТФ Банктің бұрынғы акционері Ғалымжан Есенов болып табылады. Оның үстіне, 2023 жылдың жазынан бастап First Heartland Securities компаниясы да толығымен Есеновке тиесілі. Сондықтан кәсіпкер банктің жалғыз бенефициары.

Сондай-ақ оқыңыз