KASE-де ұлттық валютаның орташа сараланған бағамы 4,22 теңгеге нығайды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 11 шілдедегі сауда-саттықта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы 10 шілдемен салыстырғанда 0,9%-ға (4,22 теңгеге) нығайды. Осылайша 1 доллар 474,26 теңгені құрады.
10 шілде орташа сараланған бағам 1 долларға 478,48 теңге болды.
Шетел валюталарымен сауда-саттық аясында теңгенің 1 АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы 474,23 теңге болды. Ең төменгі көрсеткіш 472,5, максимум – 476,98, сауда-саттық аяқталғандағы бағам – 474,9 теңгені құрады.
Бұған дейін 9 шілде Ұлттық валюта құнсызданып, доллар бағамы 480,77 теңгені құрады.
Еске сала кетсек, маусымда теңге бағамы құбыла бастады. Мәскеу биржасына санкция салынған соң рубль да құнсызданып, кейін қалпына келді. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Ресей Федерациясындағы шектеу шаралары KASE-ге айтарлықтай әсер етпейтінін айтты.
Ұлттық банк басшысы айтқандай, бағам «негізгі көрсеткіштерге» оралып жатыр. Оның пікірінше, соңғы айларда байқалған нығаю Ұлттық қордан жоғары сатылымдарға байланысты болды, ал қазір олар төмендеуде.