![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/3cdf1ab2d7b2d4b88368-1068x712-1-1024x683.jpg)
12 ақпан күні Қытайда дәстүрлі «Шамдар фестивалі» (Lantern Festival) өтті. Лун күнтізбесі бойынша 15-ші күнге сәйкес келетін бұл мереке – аспан асты елінің ең ерекше әрі жарыққа толы шараларының бірі.
Бұл күні Dragon TV арнасы Шанхай мәдениетінің көне аңыздарын сахнаға шығарып, шығыстық эстетиканың сұлулығын әлемге паш ететін әсерлі бағдарлама ұсынды. Фестиваль аясында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алғаш рет Джеки Чан фильмінің саундтрегін – This Love» / «Бұл махаббат» әнін орындады.
Джеки Чан фильмінің саундтрегі
«Аңыз» фильмінің саундтрегі атақты композитор Нейтан Вангтың туындысы. Бұл әннің ресми релизі 2024 жылдың 5 шілдесінде өткен, ал фильмнің өзі 12 шілдеде үлкен экранға шыққан. Димаштың ерекше дауысы фильмнің соңғы жағында шырқалып, кино туындыға ерекше әсер беріп, тыңдармандардың жүрегін жаулап алды.
![YouTube video player](https://i.ytimg.com/vi/gihtxbijLng/hqdefault.jpg)