Жаңалықтар

Аудиторлық палатаның аудитінен кейін 28 тұлға жауапқа тартылды

Чиновник. фото: shutterstock
фото: shutterstock

Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексерістен кейін ветеринариялық, фитосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты 28 лауазымды тұлға түрлі деңгейдегі тәртіптік жауапқа тартылды.

Палата биыл тамыз айында осы салада аудит жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықтар мен қаржылық кемшіліктерді анықтаған. Нәтижесінде бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген қызметкерлердің жауапкершілігін қарау тапсырылды.

Тәртіптік шаралар Ауыл шаруашылығы министрлігінің, сондай-ақ оған қарасты ұйымдар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметкерлеріне қатысты қолданылған.

Атап айтқанда,

  • Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, бірнеше басқарма басшылары;
  • Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төраға орынбасары, басқарма басшылары және «Республикалық ветеринариялық зертхана» мекемесінің басшы орынбасары;
  • Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төраға орынбасары мен аймақтық инспекция басшылары;
  • «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚҚазақстан егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтыҚазақстан қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты,
  • сондай-ақ С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің«Павлодар», «Тобыл», «Солтүстік» және «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының жауапты қызметкерлері бар.

Жоғары аудиторлық палата анықталған бұзушылықтарды жою және саланың тиімділігін арттыру бойынша тиісті шаралар қабылдауды ұсынды.

Осыған дейін  аудиторлық палата ғылым және жоғары білім министрлігі және оған қарасты барлық ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізген. Нәтижесінде 1,7 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 24,2 млрд теңгеге тиімсіз жоспарлау және 42,5 млрд теңгеге тиімсіз жұмсалған қаражатанықталды.