Lifestyle

Димаш Құдайберген алғаш рет Берлинде концерт береді

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген / Фото: DimashNews

13 қарашада Лондонда өткен концерттен кейін Димаш Кудайберген Германияға келді. 14 қарашада, ол Берлиндегі Max-Schmeling-Halle аренасында «Stranger» шоуын өткізеді.

Әуежайда әншіні оның жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды. Олар гүл сыйлап, «We Are Golden» әнін хормен орындады. Бұл – Димаштың Берлинге алғаш рет келуі. Тіпті Чилиден келген жанкүйері Андреа әуежай залында «Ерке сылқым» күйін ойнап берді.

Димаштың концерті өтетін Max-Schmeling-Halle — Берлиндегі ең ірі спорт және мәдениет ареналарының бірі. Бұл нысан 1993–1997 жылдары салынған. Арена атақты неміс боксшысы Макс Шмелингтің есімімен аталады. Фридрих-Людвиг Ян спорт паркінде орналасқан және спорттық жарыстардан бастап, концерттер мен шоуға дейін түрлі шараларға пайдаланылады.

Димаштың Лондонда өткен концертінің алдында жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінен келіп, pre-party ұйымдастырған.

Ал 10 қарашада Димаш Кудайберген CNN арнасына сұхбат беріп, өз шығармашылық жолы, Қазақстанның мәдениеті мен құндылықтарын әлемге танытуға деген ұмтылысы туралы әңгімелеген.