Lifestyle

Ерке Есмахан ескерту жасады

Ерке Есмахан сенбеуге шақырды / фото: Instagram
Ерке Есмахан сенбеуге шақырды / фото: Instagram

Ерке Есмахан онлайн казиноға ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, оқырмандарына ескерту жасады.

Әншінің сөзіне қарағанда, жанашыр оқырмандары Ерке Есмаханның есімін пайдаланып, Instagram-да казино ойындарына таргет жасап жүргенін хабарлаған. Бұл жөнінде көпшілікке ескерту жасауын өтінген.

Тіпті, қаскөйлер әншінің фотосын қойып, қомақты ұтысқа ие болғаны туралы «жазбаларын» жария еткен.

 «Оқырмандарымнан осындай ескерту көп келіп жатыр. Менің бұл ойынға түк қатысым жоқ. Ешкімнен бұлай сөйлеспегенмін. Еш жерде мұндай ақша алмағанмын. Сенбеңіздер. Алданып қалмаңыздар. Мұқият болыңыздар. Алаяқтарда ар-ұят жоқ. Өтірік нәрсені тіпті таргетке жіберіп, адамдарды алдауда», – деп ескерту жасады әнші.

Мұның алдында Ерке Есмахан Раймның арманы орындалғанын айтқан болатын.