Жаңалықтар

Саакашвили Зеленскийге хат жазып, Украинаға қайтаруын сұрады

Саакашвили
Михаил Саакашвили / фото: Irakli Gedenidze/Pool/AP

Түрмеде жатқан Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили Украина президенті Владимир Зеленскийге хат жазды. Ол өзін әскери тұтқындар тізіміне қосуды сұрайды.

Саясаткердің хаты Facebook-тегі парақшасында украин тілінде жарияланды. Ол өзінің Украина азаматы екенін және Зеленскийдің басшылығымен жұмыс істеген Украина Ұлттық реформалар кеңесінің атқарушы комитетінің төрағасы қызметін атқарғанын атап өтті.

«Мені жазалауды Путин о бастан талап етті, ал Медведев пен Лавров менің түрмеде отырғанымды бірнеше рет мақтанышпен айтқан», – деді Саакашвили.

Ол Зеленскийге мені азаматтық тұтқындар тізіміне қосыңыз деп өтініш айтады.

«Мен сізден 2019 жылы менің заңсыз тартып алынған азаматтығымды қайтарғандағыдай, мені, Одесса облыстық мемлекеттік әкімшілігінің бұрынғы басшысын, Ұлттық реформалар кеңесінің атқарушы комитетінің төрағасын, Грузияның Ресейшіл режимі заңсыз ұстап отырған адам ретінде, осы соғыстың азаматтық тұтқындары тізіміне қосуды өтінемін. Бұл тиісті заңдық салдарға ие болады. Украиндардың өз адамын тастамайтынын білемін және сізге сенемін», – деді Саакашвили.

Саакашвили бұл үндеуді Зеленскийге 12 қарашада ауруханадан қайтадан түрмеге ауыстырылғаннан кейін келесі күні жасады.

Күні кеше экс-президентті Тбилисиде үш жыл жатқан клиникадан шығарып, қайтадан Рустави түрмесіне ауыстырғанын жазып едік. Ол 2021 жылы Грузияға оралған, сол жылы оны қамауға алды. Оны бірнеше баппен айыптап 12 жылға бас бостандығынан айырды.