
Ресей АҚШ президенті Дональд Трамптың жеке өтініші бойынша 1 ақпанға дейін Украинаға соққы жасаудан бас тартуға келісті. Бұл туралы Кремль өкілі Дмитрий Песков мәлімдеді деп хабарлады РИА Новости.
«Президент Трамп президент Путинге келіссөздер жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау кезеңінде бір апта бойы, яғни 1 ақпанға дейін Киевке соққы жасаудан бас тарту туралы жеке өтініш білдірді», – деп атап өтті Песков.
Сондай-ақ, ол Путиннің Украина президенті Владимир Зеленскийді кездесуге шақырмағанын нақтылады.
«Кездесуді Зеленский сұрады және бұл бастаманы өзі көтеріп отыр. Бұған жауап ретінде президент Путин: «Иә, біз дайынбыз, бірақ тек Мәскеуде», – деп жауап берді», – деп толықтырды Кремль өкілі.
Ресейге өтініші туралы осыған дейін Трамп та өзі айтқан. Қатты аяз салдарынан Киев пен басқа қалаларға оқ жаудырмауын сұраған.