Жаңалықтар

Ет бағасы өсіп жатқанда, оны шетелге экспорттау ұлғайды

В Казахстане бизнес не может найти мясо по доступной цене
фото: ашық дереккөзден

Былтыр елдегі ет экспорты 24,8%-ға өскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 90 мың тоннаға артық деп хабарлайды Ауыл шаруашылық министрлігінен.

Атап айтқанда, сиыр еті экспорты 59,1%-ға артып, 31,3 мың тоннаға, қой еті – 92,8%-ға өсіп, 29,4 мың тоннаны құрады.

«Қазіргі таңда Қазақстан сиыр, қой, жылқы еттерімен және тағамдық жұмыртқамен толық қамтамасыз етілген. Экспорттық әлеуетті арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде», – дейді министрліктен.

Жалпы елдегі ірі қара мал басы – 8,2 млн. Қой мен ешкі – 20,6 млн бас, жылқы – 4,6 млн бас, түйе – 294 мың, құс – 48,6 млн.

Ет өндірісінің көлемі 2,7%-ға өсіп, 1,2 млн тоннаға жетті. Етпен бірге сиыр сүтін (5%), жұмыртқа өндіру де (2,4%) көбейген.

Еске салайық, былтыр елде ет бағасымен біраз қиындықтар туындаған. Қыркүйекте елдегі сиыр бағасы күрт өсіп, 4500-ге дейін жетті. Кейін ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапарбеков ел ішінде сұраныс артқаннан кейін баға өсті деп түсіндірді. Бірақ ішкі нарықта тұрақсыздық болмас үшін жыл соңында ет экспортына шектеу енгізген еді.