
Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, төрт жыл соғыста 55 мың украин жауынгері қаза тапты. France 2 телеарнасы сәрсенбі күні украин президентінің сұхбатын көрсетті. Бұл туралы Kursiv.Media Reuters мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Украина мен Ресей арасындағы соғыста 55 мың жауынгер қаза тапты, деп мәлімдеді Зеленский француз телеарнасына берген сұхбатында.
«Украинада майданда қаза тапқан сарбаздардың ресми саны – 55 мың. Соның ішіне әскерилер мен әскерге шақырылған жауынгерлер кіреді», – деді Зеленский.
Украин президенті соғыс құрбандарымен қоса «көп адам» іс-түссіз жоғалғандар санатына жататынын атап өтті.
Бір жыл бұрын, 2025 жылғы ақпанда Зеленский америкалық NBC телеарнасына берген сұхбатында майданда 46 мыңнан аса украин сарбазы қаза тапқанын мәлімдеген.
Соғыс жүріп жатқан уақытта көрші елдер арасындағы ұрыста қаза тапқандар туралы ресми мәліметтерді тексеру қиын. Сарапшылар 2022 жылғы 24 ақпанда басталған соғыста бұдан әлдеқайда көп адам мерт болды деп есептейді.