Жаңалықтар

Алматылықтар Нұрәли Әлиевпен жолығып, тауда суға түспекші

фото: ашық дереккөзден

Алматылықтар 25 ақпанда Нұрәли Әлиевпен жолығып, тауға шығып, бірге мейрамханадан таңғы ас іше алады. Түрлі кәсіпкерлермен кездесу жасайтын @sms5amclub коммьюнтиі осындай шара ұйымдастырмақшы.

Бағдарлама бойынша, экс-президенттің немересімен Күйгенсайға шығып, тау бөктерінде суға түсуге болады. Сол жақтан таңғы ас ішіп, қалаға қайтып оралады. Үш сағаттық кездесуге қатысу тегін, әр адам жол мен таңғы ас шығынын төлейді.

Хабарландыру 21 ақпанда жарияланды. Бір тәулік өтпей жатып, орын толды деген себеппен тіркелу жабылды.

Коммюньити Әлиевті бірнеше бизнес ашқан кәсіпкер, инвестор, Capital Holding және Damen Holding акционері, қайырымдылық қорының иесі, филантроп ретінде таныстырған.

«Кәсіпкер екені шын ба?»

Бұл кездесуге көпшіліктің көзқарасы оң бола қойған жоқ.

«Бұрын оның қандай бизнесі болған еді? Форбсқа қалай шыққан? Неге кәсіппен айналысып жүр?

Сізді мантра оқып, рухани өмір сүруге үйрететін шығар…

Бірнеше бизнес ашқан кәсіпкер, шын ба?», – деген тәрізді пікірлер қалдырған.

Нұрәли Әлиев инстаграм парақшасын белсенді жүргізеді, жиі стористер жариялап отырады. Соңғы уақытта ол ағартушылық жолға бет бұрып, SPARK OF LIGHT атты жоба ашқан.

Ал жақында қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров Нұралы Әлиевпен тәжірибе алмасып жүргенін айтты.