
NASDAQ қор биржасында 20 сәуірдегі сауда қорытындысы бойынша Kaspi.kz акциясы айтарлықтай өсті. Күндізгі сессияда (KSPI) акцияларының максималды бағасы 97,33 долларға дейін көтерілді. Ал сауда қорытындысы бойынша бір дана акция үшін соңғы баға 91,8 долларға дейін қымбаттап, өткен сессиядағы бағамен салыстырғанда 8,19 пайызға өсті.

Айта кетейік, Kaspi.kz компаниясының акционерлер құрамында маңызды ауыс-түйіс орын алды. Осы уақытқа дейін компанияның негізгі инвесторларының бірі болған Baring Fintech Venture Funds өзіне тиесілі 6 миллионға жуық акцияны сатты.
Бұл үлесті Қытайдың технологиялық алыбы – Tencent компаниясы, Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе, компанияның басқарушы командасы және АҚШ-тың ірі университет қорлары мен халықаралық финтех-инвесторлар өзара бөлісіп алған.