Әнипа Назарбаева тиесілі компания 6 млрд теңге кеден салығын төлемеген

Жарияланды 22 Сәуір 2026 11:29

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 сәуірдегі салық қарызы барлардың тізімін шығарды.

Бірінші тізімде үлкен қарызы және оны төрт ай бойы төлемеген кәсіпкерлер мен мекемелер бар. Олардың саны – 45 591. Бұл тізімге марқұм Болат Назарбаев және Әнипа Назарбаевамен байланысты компаниялар да кірген.

Екінші тізімде кеден төлемдері мен салығын, айыппұлы мен пайызын төрт айдан бері төлемей жүргендер көрсетілген. Мұндай 1 390 субъект тіркелді.

Тізімі басында 55 млрд теңге қарызбен «AsiaDistillery» (Азия Дистиллери)» компаниясы тұр. Ол Түркістан облысында тіркелген. Оның құрылтайшысы – Арменияда тіркелген, арақ-шарап шығаратын «Баграт групп» компаниясы.

Екінші орында 20,5 млрд теңге қарызбен «Ai-To Progress» ЖШС тұр. Құрылғанына 17 жылдан асқан компанияны кейбір басылымдар марқұм Болат Назарбаевпен байланыстырады. Сол жылдары BN DEC SERVICE деп аталып, құрылтайшылар құрамында Назарбаевтың өзі болғанын жазады.

GROUP OF COMPANIES ЖШС-ның кеден салығы 6 млрд теңгеден асады. Компанияның меншік иелері қатарында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаева мен компания басшысы Әли Қылышбаев бар. Бұл компанияның жалпы мемлекет алдындағы салық қарызы 95 млрд теңгеден асады.

Төмендегі тізімде ірі кеден қарызы бар 10 компания көрсетілген:

Сондай-ақ оқыңыз